Елімізде заңсыз әкелінген көліктерге бақылау күшейтіледі

Елімізде заңсыз әкелінген көліктерге бақылау күшейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылды күшейтіп, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіруді тапсырды. Енді Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері бірлесіп, он күн ішінде автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша нақты шаралар әзірлеуге тиіс. Үкіметтің мәліметінше, ел аумағына көліктерді заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркеліп жатыр. Темір тұлпарлардың басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуға тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шара бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал