Медбикені балағаттаған қостанайлық зейнеткерге сот үкім шығарды

Өткен аптада медбикені балағаттаған қостанайлық зейнеткердің әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді.
Емханада медицина қызметкері мен 70 жастағы науқас арасында кикілжің туған. Зейнеткер медбикені балағаттап, күш көрсетуге оқталған. Жанжал ем алу уақытын ауыстыру туралы өтініштен кейін шыққан. Оқиғаға полиция араласып, іс сотқа жолданды. Ал сот қарияға үкім шығарды. Оның жасының үлкендігі және бұрын-соңды заң бұзбағаны ескеріліп, жарым-жартылай айыппұл салынды.
ЛЯЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Сот әкімшілік жаза тағайындау кезінде құқықбұзушының алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, сондай-ақ оның жасын ескерді. Сот қаулысымен ол әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар айыппұл көлемі 30 пайызға төмендетілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал