Алакөлді толқыннан қорғайтын бөгет салынады

Алакөлді толқыннан қорғайтын бөгет. Үкімет Жетісу облысындағы Алакөл жағалауын нығайтуға резервтен 3 миллиард теңге бөлді. Қаражат көл жағасын шайылудан қорғайтын ұзындығы 6 шақырымдық бөгет құрылысына жұмсалады. Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылында, қалған 3,5 шақырымы Ақши ауылында салынады. Жоба жағалаудың әрі қарай бұзылуына жол бермей, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен таралу жүйесін сақтауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде Алакөлдің экожүйесі қорғалып, туристік аймақтың қауіпсіздігі де күшеймек.
ЖАНДОС СӘЛІМОВ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Жалпы жоба аясында Алакөл көлінің жағалауы бойында ұзындығы 14 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, толық игерілді. Қазіргі таңда бас мердігер ретінде «Қаратас Майнинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды. Сондай-ақ жер және бетон жұмыстары жүргізіліп, габиондық конструкциялар орнатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал