Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қойыла ма?

Францияда 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды. Ел парламенті тиісті заң жобасын қабылдап, оны депутаттардың басым бөлігі қолдады. Жаңа талап биылғы қыркүйектен бастап күшіне енеді. Ал аккаунт иелерінің жасын қалай тексеретіні әзірге нақтыланбаған. Бұл мәселе Қазақстанда да өзекті. Жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұндай шектеу қажет пе әлде бұл көпшіліктің наразылығын тудыра ма? Баланың цифрлық қауіпсіздігіне, ең алдымен, кім жауапты – мемлекет пе әлде ата-ана ма?
АҚНҰР ИМАНҚҰЛ, ҚҚДИ ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Жалпы, бұл баланың қауіпсіздігі болғандықтан, бірінше кезекте ата-ананың жауапкершілігі. Сондықтан контентті бұғаттағаннан гөрі, цифрлық қауіпсіздік бойынша ата-аналарға сауаттандыру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бұл жердегі басты жұмыс – ата-аналардың мен балалардың цифрлық гигиенасын қалыптастыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал