Жаңа медициналық жабдықтар, ауылдық амбулаториялар және аудандық ауруханалар. Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен 11 медициналық нысан жаңартылып жатыр. Осы жоба аясында Алтынды, Партизанка, Пригородное, Кировское, Жарлыкөл және Шалқар ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасының негізгі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жалпы, қайтарылған активтер есебінен өңірде 42 әлеуметтік нысан бой көтереді.
АЙЫМ АЛТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
— Медициналық құрылыс нысандарына 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы, 5 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы, сондай-ақ Атбасар көпбейінді ауданарлық ауруханасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жатады. Биыл аталған аурухананың балалар бөлімшесін іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның құны – 514 миллион теңге. Қазіргі уақытта аурухананың негізгі корпусына МРТ орналастыруға арналған қосымша ғимараттың инженерлік желілерінің құрылысы жалғасуда. Бұл жобаның құны – 91 миллион теңге.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.