Алматы облысында балық өсірумен айналысатын шаруалар субсидия ала алмай жүр

Алматы облысындағы балық өсірумен айналысатын шаруалар инвестициялық субсидия ала алмай жүр. Еңбекшіқазақ ауданында бақтақ балығын өсірумен айналысатын кәсіпкер Мәрлен Тұрсынәлі соңғы үш жылда 1,5 млн АҚШ долларын салып, төрт балық шаруашылығын құрған. «Оған жұмсалған қаржының 25 проценті бізге инвестициялық субсидия ретінде қайтарылуға тиіс еді. Алайда ол уақытылы төленбейді. Бұл балық шаруашылығын дамытуға біршама тежеу болып отыр», — дейді кәсіпкер.
МӘРЛЕН ТҰРСЫНӘЛІ, КӘСІПКЕР:
— Алматы облысының балық өсіретін жерінің бәрі таулы жерде өзендердің жағасында орналасқан. Сондықтан бетон құрылыс салып, сол жерде балық өсіреміз.

ҚАЙРАТ НҮСІПБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТРТПР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Былтыр облыс бойынша 5800 тонна балық өсірілді. Былтыр 380 млн тенге субсидия берілді. Биылға 315 млн тенге субсидия жоспарланған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 177 млн тенге несие берілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал