ПЕРІШТЕСІ ҚАҚТЫ
Қапшағайда 10 жасар бала суға кетіп қала жаздады. Толқын алып кеткен жеткіншекті құтқарушылар жағаға аман алып шықты. Жалпы, мамандар суға шомылуға келгендерден сақтық шараларын қаперде ұстауды сұрайды.
ЖОЛ АПАТЫ
Ақмола облысында әйел адамды көлік қағып кетті. Тағы бір жол-көлік оқиғасында 10 жасар қыз бала қаза тапты. Өңірлік полиция өкілдері жол апаты азайғанын айтады. Бірақ кісі өлімі неге кемімей тұр?
КҮН БҰЗЫЛДЫ
Елде аптап ыстықтың беті қайтып, жаңбыр жауа бастады. Кейбір өңірде қатты жел соғып, ағаштарды түбімен қопарып тастады. Павлодар облысында үй шатырлары жұлынды. Синоптиктер қайсыбір аймақта күн күркіреп, бұршақ жауатынын айтады.
ЖАҢА ЕРЕЖЕ
Енді жол ережесін бұзған жүргізушілер қайта емтихан тапсырады. Кейбір азаматтар жүргізуші куәлігінен де айырылуы мүмкін. 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға ензіліген өзгерістер күшіне енеді.
ЖЕЛІГЕ ТЫЙЫМ
Франция 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салды. Ел президенті Эммануэль Макрон осылай мәлімдеді. 279 депутат қолдап дауыс берген заң күзде күшіне енеді. Қазақастанға да осындай ереже қажет пе? Сарапшы пікірін ұсынамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.