Шымкентте сел жүріп, құтқарушылар жұмылдырылды

Бұл – Шымкент қаласының Елтай тұрғын алабы. Аудан көшелерінде сел жүрді. Бұдан бұрын шаһарда нөсер жаңбыр жауған еді. Осының салдарынан жақын маңдағы Тоғыс су жинау арнасы толып, су көшеге жайылды. Оқиға орнына жүзге жуық құтқарушы мен 16 техника тартылды. Мамандар арна жағасын бекітіп жатыр. Зардап шеккендер мен бүлінген мүлік жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал