Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген фельдшерге күш қолданған азамат сотталды. 62 жастағы ер адам 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, оқыс оқиға маусым айының соңында Шал ақын ауданына қарасты Ұзынжар ауылы маңында болған. Жол-көлік апатына түскендерге алғашқы медициналық көмек көрсетпек болған медбикені мас болған жолаушылардың бірі бірнеше рет теуіп, соққыға жыққан. Жұдырық ала жүгірген азамат соттың шешімімен кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең төменгі қылмыстық атқару жүйесінде өтейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.