Қазақстаннан бензинді жасырын алып шығу әрекеті әшкереленді

Қазақстаннан жанар-жағармайды бөшкелеп әкетпек болған. Арнайы бекеттерден бензинді заңсыз алып шығуға 1342 рет әрекет жасалған. Алайда 112 тоннадан астам жанар-жағармайдың шетелге заңсыз шығарылуына жол берілген жоқ. Күдіктілер бензинді құтыларға және көлік астына жасырын дәнекерлеп орнатылған қосымша бактарға құйып жасырмақ болған. Шекарадан ары аспай қалған жанармай шамамен 4-5 автоцистерна көлеміне тең. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексеруі кезінде шекара қызметіндегі рентген құрылғылары мен арнайы үйретілген қызметтік иттер пайдаланылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал