Brent маркалы мұнай бағасы 20% өсті

Әлемдік нарықта қара алтын тағы да қымбаттады. Brent маркалы мұнай бағасы шамамен 20% өсіп, баррелі 92 долларға жетті. Сарапшылардың айтуынша, бұған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі себеп. Егер Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалында тәуекелдер одан әрі сақталса, жыл соңына қарай оның бағасы барреліне тіпті 120 долларға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Ал Энергетика министрлігінің мәліметінше, елімізде өндірілетін мұнай қоры 4 миллиард тоннадан асады. Сондай-ақ Қазақстанмен бірге ОПЕК ұйымына мүше елдер биыл тамыз айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті. Мамандардың сөзінше, бұл шешім әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал