Петропавлда құрылысы созылған көпбейінді аурухана келер жылы халық игілігіне беріледі. Әлеуметтік нысандағы жұмыс қайта жанданбақ. Түрік инвесторы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салып жатқан медициналық мекеменің жалпы құны 144 миллиард теңгеден асады. Оның іргетасы 2019 жылы қаланып, жоспар бойынша 2022 жылы тапсырылуы тиіс еді. Алайда соңғы 3-4 жыл мұнда жұмыс мүлдем тоқтады. Айта кету керек, әлемдік талаптарға сай болатын аурухана 480 орынға шақталған. Ал оның аумағы 92 мың шаршы метрден асады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, мұнда соңғы үлгідегі қондырғылар сатып алынады. Емдеу мекемесі болашақта тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, медициналық туризмнің дамуына септеспек.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Перинаталдық орталық, тері ауруларының орталығы – барлығы бір жерде орталықтандырылады. Санитарлық авиацияда осы аурухана аумағына орналастырылады. Бұл өңірімізде салынып жатқан ең ірі медициналық мекеме болып есептеледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.