Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде үздік 25 елдің қатарына енді

Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орынға көтеріліп, үздік 25 елдің қатарына енді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір мемлекеттік қызметтердің 90,4%-ы электрондық форматта көрсетіледі, ал 95,9%-ын смартфон арқылы алуға болады. Сондай-ақ қағаз құжаттардың толық баламасы саналатын 39 цифрлық құжат енгізілген. 2025 жылдың басынан бері 51,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде eGov.kz арқылы 25,7 млн-нан астам қызмет ұсынылып, eGov Business сервисі 4,6 млн сұранысты өңдеді. Сонымен қатар eGov Mobile қосымшасы eGov AI интеллектуалды іздеу жүйесімен жаңартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал