Үкімет резервінен жаңа KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құруға 10 млрд-тан астам теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жаңа спутник 2029 жылы қызмет ету мерзімі аяқталатын KazSat-3 аппаратын алмастырып, ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Жоба шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті кеңейтуге, телерадио хабар тарату мен байланыс қызметтерінің тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтуға бағытталған.
ДОСЖАН МҰСАЛИЕВ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
— Жоба Қазақстанның ұлттық орбиталық, желілік ресурсын пайдалану құқығын сақтай отырып, жаңа ғарыштық байланыс жүйесін құру, ұлттық телекоммуникациялық сервистердің тұрақты жұмысында және Қазақстанның цифрлық экономикасын одан әрі дамтуда маңызды қадам болмақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.