Қарағандыдағы «Спасск» полигонында отандық ұшқышсыз жүйелер мен роботтандырылған кешендер сынақтан өтті. Мамандар техниканың ұшу биіктігі мен жылдамдығын, үздіксіз жұмыс істеу уақытын тексерді. Ұрыс алаңында түрлі тапсырманы орындайтын заманауи роботтар да таныстырылды. Олар оқ-дәрі мен инженерлік құралдарды жеткізуге, жараланғандарды қауіпсіз жерге көшіруге және ауыр жүктерді тасымалдауға арналған. Тіпті қажет болған жағдайда, жауынгерлік міндеттерді де орындай алады. Сондай-ақ нысананы жоюға арналған ұшқышсыз ұшу аппарттары да көпшілікті тамсандырды. Сала мамандарының айтуынша, бұл әскери іс-қимылдарды әлдеқайда жылдам әрі тиімді атқаруға мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.