Қазақстанда цифрлық деректер өнімдеріне арналған алғашқы алмасу платформалары іске қосылды. Оларды Ұлттық статистика бюросы ұсынды. Жиын Цифрлық кодекстің жаңа талаптарын түсіндіруге және деректер экономикасын дамытуға арналды. Мұндай платформаларды құру деректер нарығының жұмыс істеу қағидаларын алғаш рет айқындаған Цифрлық кодекстің күшіне енуінен кейін мүмкін болды. Сондай-ақ Мамандардың айтуынша, жаңа талаптар деректердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бизнеске, ғылымға және мемлекеттік басқаруға қажетті аналитикалық ақпаратты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
ЕРКЕБҰЛАН ИЕМБЕРДИЕВ, ҚР СЖРА ҰСБ СЖӘҮ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазіргі таңда тіркелген 3 платформа бар: Аstana data exchange, Med hub, Kompra. Ең негізгі мақсаты – деректер мен іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректердің қауіпсіздігін сақтау. Жасанды интеллект жай ғана деректермен жұмыс істей алмайды. Оған да жақсы дайындалған деректер қажет. Бұл платформалар оны да қамтамасыз етеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.