Сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі басталды

Бүгін сағат 18:00-де сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды. Үгіт жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады. Сайлауға ресми түрде 7 саяси партия қатысады. Атап айтсақ, олар: «Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясы және Respublica партиясы. 22 тамыз – тыныштық күні. Бұл күні кез келген үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Ал 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал