Маңғыстау облысының коммуналдық қызметіне 115 арнайы көлік берілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының коммуналдық қызметі жаңа техникамен толықты. Соңғы жиырма жылда алғаш рет өңірдің барлық қаласы мен ауданына санитарлық тазалау, абаттандыру және елді мекендерді күтіп ұстауға арналған 115 арнайы көлік берілді. Жаңа техника коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетіп, тазалық жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Бұл өңірдегі тазалық қызметінің тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.
ИСЛЯМ УСЕНОВ, «ТАЗА АҚТАУ» МКК ДИРЕКТОРЫ:
— Біздің кәсіпорынға берілген жаңа техникалар қаладағы санитарлық тазалықты жақсартуға мүмкіндік береді. Ең басты мақсатымыз – Ақтаудың тазалығын қамтамасыз ету. Кәсіпорын тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, келесі жылдан бастап көгалдандыру жұмыстарын да қолға алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал