Ауа райы тағы да тосын мінез танытты. Ақмола облысының Бурабай курорттық ауданында кенеттен көтерілген дауыл туристерді әбден әбігерге салды. Өңірдің басты көрікті жерлерінің бірі – Абылай хан алаңын су басты. Көлде толқын көтерілді. Ал дәл сол сәтте су айдындарының бірінде демалушылар болған. Бурабай көлін патрульдеу кезінде құтқарушылар жағадан шамамен 800 метр қашықтықта қайықты байқап қалады. Төтенше жағдай қызметінің мамандары дер кезінде көмекке жетіп, алты туристі қауіпсіз жерге көшірді. Олардың арасында сәбиі бар отбасы да болған.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Сондай-ақ ауа райы бұзылған сәтте Щучинск көлінің жағасынан бір шақырымдай жерде ер азамат қайықпен жүзіп жүрген. Ол балықшы болып шықты. Жедел-құтқару жасағы оған да көмек көрсетті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.