Астанада кешелі-бері жаңбыр жауып тұр. Тіпті арагідік бұршақ болып, қатты жел тұрды.
Көлігін сақтау үшін кейбір жүргізушілер көпір асты секілді жабық жер іздеп, жан сауғалады. Жаңбырдан соң қала көшелерін су басып, көліктер белуардан су кешті. Жайылған жаңбыр суы тіпті, автобустарға да кіріп, жолаушылар, қоғамдық көлік ішінде аяқтарын қорғап, салақтап тұрды. Жалпы Қазгидромет еліміздің көп бөлігінде күн құбылмалы болатынын ескерткен. «Дегенмен апта соңына қарай елордада қайтадан аптап ыстық орнайды», — дейді синоптиктер. Кей өңірде жел екпіні күшейіп, дауыл соғуы мүмкін. Сондықтан алыс сапарға шығарда ауа райы болжамына аса мән берген жөн. Сала мамандары осылай мәлімдеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.