Нұрай Серікбайды 35 рет пышақтап өлтірген | 23.07.2026

НҰРАЙ СЕРІКБАЙ ІСІ
Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктінің денсаулығы жақсарды. Осыған байланысты бүгін сот отырысы жалғасты. Сотта тараптар тың мәліметтерді алға тартты. Ал марқұмның куәгер болып отырған ағасы жәбірленуші тарапқа өтуді қалайды.

«ТЕБЕГЕН» СОТТАЛДЫ
Петропавлда медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам сотталды. Ол масаң күйде маманды ішінен және аяғынан тепкен. Енді бұл қылығы үшін 1,5 жылын тар қапаста өткізеді.

ШЕКАРАДАН АСПАДЫ
Қазақстаннан бензинді 1342 рет заңсыз шығару әрекеті әшкереленді. Шекара қызметінің өкілдері шілденің 20 күнінде осындай заңсыздықтың алдын алды. Бұл – шамамен 112 тоннадан астам жанармай.

ОТАНДЫҚ ДРОН
Енді Қазақстанның төл дроны мен роботы бар. Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында қорғаныс саласына қажет жаңа техникалар сынақтан өтті. Отандық ұшқышсыз аппараттар мен роботтандырылған кешендерді жауынгерлер іс жүзінде тексерді.

АЛМАТЫНЫҢ ҚАУЫНЫ
Биыл Алматының қауын-қарбызының сапасы көңілге қонымды, дәмі де тіл үйіреді. «Өйткені жаз шыққалы бері бірде бір улану дерегі тіркелген жоқ», — дейді мамандар. Яғни отандық бағбандар бәсекеге қабілетті өнім шығаруға тырысып жатыр.
———————————————