Түлкібас ауданының тұрғыны анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысында адам шошырлық оқиға болды. Түлкібас ауданының тұрғыны туған анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Бейресми деректерге сүйенсек, оған церебралды сал ауруы диагнозы қойылған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, шамамен 40 жастағы азамат анасын өз үйінде пышақтаған. Қылмысқа не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Бұл деректі облыстық полиция департаменті де растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Түлкібас ауданы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағыттылған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал