Астанада жеңіл көлік көкөніс сататын павильонды қиратты. Темір тұлпар тізгінінде 18 жасар жүргізуші болған. Ол рульге ие бола алмай, дүкеннің ішіне кіріп кеткен. Оқиға салдарынан іште жүрген 15 жастағы қыз бала зардап шекті. Ол түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция қызметкерлері оқыс оқиға барысын тексеріп жатыр. Көлік жүргізген жігіттің куәлігі бар ма және апатқа не себеп? Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша хабардар етеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.