Бюджеттің 2,5 млрд теңгесін жымқырған қазақстандық Вьетнамда ұсталды

Қомақты қаржы жымқырды деп, күдікке ілінген азамат Вьетнамда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Тергеу мәліметінше, ол мемлекеттік сатып алулар барысында 2,5 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған. 2023-2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында, сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 10 млрд-тан астам теңге бөлінген. Алайда күдікті, орталық директоры басқа да сыбайластарымен бірлесіп, осы қаражатқа ауыз салған. Былтыр оған халықаралық іздеу жарияланды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Сатыбалдиев Р.К., Мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Искендерова Д.Б., сондай-ақ «Марк Инвест» ЖШС мен «Direct Services» ЖШС-нің басшысы Шинтемирова А.А.-мен сөз байласып, жабдықтардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған. Сот үкімімен Сатыбалдиев Р.К., Искендерова Д.Б. және Шинтемирова А.А. кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал