Астана тағы да нөсерге дайын емес

Кеше Астана күні құбылды. Жаңбыр жауды, ол арагідік бұршаққа айналып, қатты жел тұрды. Соңында қала жұрты белуардан су кешті, көлік кібіртіктеді. Екі ортада мегаполистің коммуналдық қызметі әбігерге түсті. Күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, көшедегі суды сорғызды, арық жүйелерін тазалап, табиғи құбылыстың салдарын жойды. Десек те Астана тағы да нөсерге дайын болмай шықты. Бір күнде бір айдың жаңбыры жауды, — дейді мамандар. Дәл осындай кезде әдеттегідей такси құны аспандады. Қаймана жұрт ЛРТ-ға қарай ағылды. Яғни тарланның бәсі осындайда биік. Ал көп ұзамай ұшатын такси іске қосылса, қалың жұрт көшеде су кешпейтін шығар.
АЙБЕК ТАПАШ, ТЖД ТЖЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Қала аумағында нөсер жауын-шашынның салдарынан көшелердің жекелеген учаскелерінде су басу, электр энергиясының ажыратылуы және де талдардың қирауы фактілері тіркелді. Осыған байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 36 жеке құрамы, 12 бірлік техникасы мен 8 мотопомпасы, коммуналдық қызметке көмек көрсетуге жұмылдырылды. Аталған фактілер Тәуелсіздік-Қошқарбаев, Момышұлы-Тоқпанов және де Қалдаяқов көшелерінде орын алды. Талдардың көліктерге құлау фактілері Жұмабаев және Тасшоқы көшелерінде тіркелді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал