АҚШ-та электр бағанына өрмелеген аю тоққа түсіп өлді

Чилиде нөсер жаңбыр су тасқынына ұласып, ондаған мың тұрғын зардап шекті. Венесуэлада жер сілкінісінің шығыны 20 млрд долларға жуықтады. Қытайда зымыранға найзағай түссе де, ұшыру сәтті аяқталды. Ал АҚШ-та электр бағанына өрмелеген аю тоққа түсіп өлді.
Чилидің солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр алапат су тасқынына айналды. Табиғи апаттан 10 адам қаза тауып, 100 мыңнан астам тұрғын өркениеттен оқшауланып қалды. Мыңдаған үй жарықсыз және ауызсусыз отыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр. Билік бірнеше өңірде төтенше жағдай жариялады.
Дүниежүзілік банк Венесуэлада маусым айында болған жойқын жер сілкінісінен келген шығынды 19,6 млрд долларға бағалады. Зиянның 47%-ы тұрғын үйлерге, 27%-ы инфрақұрылымға, 26%-ы басқа ғимараттарға тиесілі. Ең көп зардап шеккен аймақтар – Ла-Гуайра штаты. Мамандар қаржыландыру жеткіліксіз болса, қалпына келтіру жұмыстары 10 жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.
Қытай спутнигі тиелген зымыран көкке көтерілген кезде оған жай оты тиді. Бірақ бұл табиғи құбылыс зымыранның ұшуына кедергі келтірген жоқ. Ракета Tianlian II-06 байланыс спутнигін орбитаға сәтті жеткізді. Мамандардың айтуынша, найзағай зымыранның жұмысына әсер етпеген, ұшыру миссиясы толықтай сәтті аяқталған.
Электр желісінің бағанына өрмелеп шыққан аюды тоқ соғып, мерт болды. Оқиға Нью-Мексико шататы, Гладстоун қаласының маңында болған. Құтқарушылар жануарды аман алып қалуға тырысқанымен, оны дер кезінде қауіпсіз жерге түсіре алмаған. Мамандардың айтуынша, аю бағанды ағаш деп ойлап, қорыққан кезде жоғарыға өрмелеп кеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал