Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға төмендетті. Бұған дейін оның мөлшері 17% болған еді. Маусымда Ұлттық банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені 18 пайыздан түсірген еді. Айта кетейік, базалық мөлшерлеме неғұрлым көп болса, банк беретін несие ставкасы да соғұрлым жоғары болады. «Ал ол азайғанда кредиттің артық төлемі біршама төмендейді», — дейді мамандар. Жалпы оны төмендетуге жылдық инфляцияның тоғыз ай қатарынан түсуі, сыртқы секторда бағаның сақталуы себеп. Базалық мөлшерлемені төмендетуге Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта ушығып, энергия көздеріне сұраныс артуы салдарынан оның бағасының көтерілуі де түрткі болған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.