Қазақстан адам дамуы рейтингінде көш бастады

Қазақстан адам дамуы рейтингінде көш бастады. Атап айтар болсақ, 193 елдің ішінде 60 орынға тұрақтады. Мысалы, рейтингте Ресей – 64, Беларусь – 65, Армения 69-орыннан көрінген. Ал Қазақастанның көрсеткіші ТМД және Орталық Азия елдері арасында үздік нәтиже саналады. Ranking.kz-тің хабарлауынша, әңгіме БҰҰ-ның 2025 жылғы даму Бағдарламасы төңірегінде болып отыр. Ұйым 2023 жылдың мәліметтеріне сүйеніп баяндама әзірлеген.
Бұл рейтинг бірнеше көрсеткішке қарап есептеледі. Адамның болжалды өмір сүру ұзақтығы, орташа және болжалды білім алу ұзақтығы, жан басына шаққандағы орташа жылдық табысы. Айталық, Қазақстанда адамның болжалды өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болса, болжалды білім алу ұзақтығы 14 жылға жеткен. Орташа білім алу ұзақтығы – 12,5 жыл. Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысы 30 989 долларға бағаланды. Бұл арада сатып алу мүмкіндігіне басымдық берілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал