Бұрын мемлекет қазынасынан заңсыз шығарылған қаржы бүгінде мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалып жатыр. Биыл Қостанай облысында Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық университет ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Жобаның жалпы құны – 1,9 миллиард теңге. Сонымен қатар өңірде әуежайды, аурухананы, перзентхананы, Арқалық қаласындағы жатақхананы салу және қайта жаңғырту жоспарланған. Жітіқара қаласында емхана, ал Денисов ауданының Перелески ауылында дәрігерлік амбулатория бой көтермек.
НҰРЖАН ТҰРЫСБЕКОВ, АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Реконструкция нәтижесінде шамамен екі жарым мың студенттің білім алуына, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының жұмыс істеуіне қолайлы әрі заманауи жағдай жасалды. Бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және білікті мамандар даярлауға да оң ықпал етеді. Қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.