Тазалық талаптарын сақтамағандарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілді

Елімізде тазалық талаптарын сақтамаған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. «Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын ілгерілетіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мақсатында қолға алынып отыр», — дейді полиция өкілдері. Жалпы, жыл басынан аймақты абаттандыру қағидаларын бұзған және көпшілік орындарды ластаған 8 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген. Енді қоғамдық орындардан өзге, жеке тұрғын үйлердің маңына құрылыс материалдарын жинап, түрлі қалдықты қалдыруға да заңмен тыйым салынды. Одан өзге үй айналасын арам шөптерді отап, қыста қардан тазалау тұрғындарға жүктелген. Бұл міндетке жауапсыз қарамаған азаматтар заңмен жазаланады.
ӘНУАР ТИМУР, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Шілде айынан бастап жаңа норма күшіне енді. Ережеге сәйкес жер үйі бар азаматтар өз аумағында ғана емес, қоршау сыртындағы 5 метрге де жауапты болады. Тұрғын сол аумақта тазалық сақтамаса, жазаға тартылатынын ескертеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал