Петропавлда бір ғасырдан астам тарихы бар ботаникалық баққа ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі берілді. Бірегей кешен енді мемлекет есебінен қаржыландырылып, мұндағы мамандардың ғылыми жұмыстармен айналысуына жол ашылмақ. Нысан 2017 жылы жекешелендірілген болатын. Салдарынан бірнеше мәрте сатылымға да шығарылған. Осы күнге дейін музыкалық мектептің балансында болған нысан жеке ұйым ретінде тіркелді.
Айта кетейік, еліміздегі ең көне бақтардың бірі осы өңірде орналасқан. Ол 1912 жылы құрылды. Жалпы аумағы – 2 гектар. Бүгінде мұнда екі мыңнан астам тропикалық және субтропикалық өсімдік түрі өсіріледі. Жануарлар мен құстар да бар. Ал келер жылы ботаникалық баққа күрделі жөндеу жүргізіледі.
АРТУР РЯЗАПОВ, БОТАНИКАЛЫҚ БАҚ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұдан былай 300 метрге дейінгі аумақта биік ғимараттар тұрғызуға қатаң түрде тыйым салынады. Бақ арқылы түрлі коммуникация мен электр желісін тарту мәселесі көп көтерілетін еді. Енді заң аясында ондай олқылықтарға жол берілмейді. Қазір бізге ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі берілді. Болашақта Қазақстанның «Ұлттық игілігі» статусын алуды мақсат етіп отырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.