Астана тағы да нөсерге дайын емес | 24.07.2026

ПАВИЛЬОНДЫ ҚИРАТТЫ
Астанада 18 жастағы жүргізуші жеңіл көлікпен көкөніс сататын павильонды қиратты. Кәдімгі кинодағыдай ішіне бір-ақ кірді. Дүкенде сауда жасап тұрған 15 жасар қыз бала жарақат алып, ауруханаға түсті. Апатқа не себеп? Мән-жайды полиция анықтап жатыр.

АСТАН ҰШЫНДЫ
Шіліңгір шілде Шымкент жұртын шыр айналдырып жатыр. Ішіне тамақ тұрмай, дәрігерге жүгінген жұрт көп. Астан ұшынған 280 адам ауруханаға түсті. Олардың дені – 14 жасқа толмаған бала. Бұған түн асқан тамақ себеп пе әлде асқазан нашарлап кеткен бе?

ҚАШҚЫН ҰСТАЛДЫ
Бюджеттің 2,5 млрд теңгесін жымқырып, шетел асқан қазақстандық ұсталды. Байлықты арқалап, Вьетнамға қашқан күдіктіні ізкесушілер елге экстрадициялады. Енді ол ішіп-жеген әр тиынына есеп береді. Олжаны бөліскен сыбайластары да жазаға тартылады.

БАЛА АҚЫСЫ
Енді алимент арнайы шотқа түседі. Яғни балаға тиесілі ақшаны банктер мен қаржы ұйымдары қарыз үшін бұғаттай алмайды. Жаңа ереже 25 тамызда күшіне енеді. Ал елде алимент төлемей жүрген әйелдермен күрес күшейтіліп жатыр.

АСПАН КӨЛІГІ
Алматы мен Алатау тұрғындары үшін ұшатын таксиге отыратын күн жақын. Бірақ бұл бақыт елорда жұртына бүгін-ертең бұйырмайды. Астанада электр қуатымен қалықтайтын әуе таксиі сыналды. Аспан көлігінің күш-қуаты мен жол ақысы қанша?
———————————————