Алматыда жол апаты екі бойжеткеннің өмірін қиды

Қаланың қақ ортасында Suzuki мен Mercedes жеңіл көлігі соқтығысқан. Тағы екі адам түрлі жараланып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Полицияның алдын ала мәліметіне сүйенсек, Suzuki көлігі кері бұрылмақ болған сәтте болған. Қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан Mercedes-ке жол бермеген.
Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
— Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бұл Алматыда адам өлімімен аяқталған алғашқы жол апаты емес. Жуырда ғана Zeekr көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Сол апатта үш адам қаза тапты. Сот көлік жүргізушісін кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған өмір бойына көлік басқаруға тыйым салынды. Бұл екі жол апатының мән-жайы әртүрлі болғанымен, екеуі де жол қозғалысы ережесін сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін тағы бір мәрте көрсетті. Алматыда жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзудың бір жарым миллионнан астам дерегі тіркелген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал