Шымкентте газ құбыры жарылып, дүкен қирады.
Көше қиылысында дүмпу болып, жұртты дүрліктірген. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Материалдық шығын нақтыланады. Ал зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Сонымен қатар оқиғаның нақты себебін айқындау үшін сот-медициналық және сот-өрт-техникалық сараптама тағайындалған. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Елдар Қуандық, Qazaqgazaimaq ӨФ бастығының м.а:
— Оқиға орнына апат-диспетчерлік қызметі мамандары жедел жетіп, зерделеу нәтижесінде көлбеу жер қазу жұмыстарын атқару барысында газ құбырын қорғау аймағы сақталмай жұмыстар орындалғаны анықталды. Нәтижесінде 90 мм полиэтилен газ құбыры зақымдалған. Қазіргі таңда апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ басқа газ құбырлары зақымданып-зақымданбағаны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.