Бурабай ұлттық табиғи паркінің аумағына найзағай түсіп, Көкшетау тауының орманды алқабы өртенді. Абырой болғанда «Smart жүйе» отты дер кезінде анықтады. Осылайша таулы аймаққа бірден төтенше жағдайлар департаментімен «Қазавиақұтқару» қызметінің мамандары жіберілді. Жалынды сөндіруге 200-ге жуық адам мен 17 арнайы техника жұмылдырылды. Тікұшақпен 75 тонна су шашылды. Осылайша тілсіз жауды толық ауыздықтауға екі тәуліктен астам уақыт кетті. Бастысы зардап шеккендер жоқ. Бұдан бөлек, Абылайхан алаңы маңында да өрт шықты. Жедел әрекет етіп, 10 минутта отты өшірді.
Мереке Жүнісов, «Бурабай» МҰТП бөлімінің басшысы:
— «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әлі де өрт қаупі сақталуда. Сондықтан туристермен қонақтарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.