Шығыс Қазақстан облысында Көліктік бақылау инспекциясы ауыр жүк көліктеріне бақылауды күшейтті. Күндіз жүк көліктері арнайы тұрақтар мен кемпингтерге тоқтатылады. Кешкі сағат тоғызға дейін оларға республикалық маңызы бар жолдармен жүруге тыйым салынған. Бұған себеп – өңірдегі аптап ыстық. Ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, асфальт қатты қызады. Мұндай кезде ауыр жүк көліктері жол жабынын зақымдауы мүмкін.Осындай шектеулер еліміздің басқа өңірлерінде де енгізілген. Температураның күрт көтерілуіне байланысты «ҚазАвтоЖол» мамандары цемент-бетон жабындысы бар 1,5 мың шақырымнан астам автожолды бақылауда ұстап отыр. Еске салайық, бұған дейін қатты ыстықтың салдарынан Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарындағы бірқатар жол учаскелерінде асфальт пен жол жабыны деформацияланған болатын.
Марат Есмұратов, КБИБ басшысының уақытша м.а:
— Аптап ыстықта мұндай шаралар өте маңызды. Өйткені осы шектеулердің арқасында жолдарды сақтап қаламыз. Біздің жүргізушілер заң талаптарын жақсы біледі. Сондықтан түсіністікпен қарайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.