Жүкті әйел мен шақалақ ыстықты қалай еңсереді? Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ қоры аптап ыстықтың жүкті әйелдің денсаулығына әсерін зерттейтін арнайы жобаны бастады. Олар Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау тұрғындарына тәжірибе жасап көрмек. Өйткені келер жылы яғни 2027 жыл ең ыстық болуы мүмкін. Қазақстан бұл жаһандық өзгерісті қазірдің өзінде қатты сезініп жатыр. Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде термометр көрсеткіші 38 градусқа, ал оңтүстігінде 44 градусқа дейін көтеріліп, найзағай мен бұршақ жауады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай климаттық қарама-қайшылық уақытша құбылыс емес, бейімделіп, күтініп жүретін уақыт ретінде қарау керек деп санайды.
Айгүл Талғатқызы, «Перинатология ғылыми орталығы» төрағасының орынбасары:
— Жоғары температура ана мен нәрестенің денсаулығына кері әсер ететіні, жүктілік пен босану кезіндегі асқынулардың қаупін арттыратыны белгілі. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты – денсаулыққа қауіпті температуралық шекті анықтау. Қазіргі уақытта жоба жүзеге асырылып жатыр. Өңдеуге жіберілген деректердің нәтижелері бойынша күзге қарай маңызды әрі қызықты ғылыми нәтижелерге қол жеткіземіз деп күтеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.