Ұлытау облысында той кортежі 22 рет жол ережесін бұзған

Ереже бұзып, кешірім сұрау сәнге айналды ма? Ұлытау облысында «серілер» мінген сегіз көлік, той тойлаймын деп 22 рет тәртіп бұзған. Көлік айып тұрағына қойылды. Жастар камера алдында ақталды. Полиция жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, үйлену тойы немесе басқа да мерекелік шара заңды бұзуға және өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс. Әрбір құқық бұзушы заң аясында жауапқа тартылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал