Теміржолдан құлаққап тағып өтеді. Кейбірі есін білмейтіндей мас күйінде өткелді кеседі. Алматы облысында алты айда шойын жолдан алаңсыз өткен 7 адамды пойыз қағып кетті. Жол бойында мал да қараусыз, 8 түлік басылды. Өңірде 8 темір жол өткелі бар. Жолдағы көлік ағынының көбеюі вагон қозғалысына да айтарлықтай кедергі. Жылжымалы құрам тежегішті бассаң лезде тоқтай қалатын жеңіл көлік емес. Тоқтау үшін кемінде 800 метрден 1 шақырымға дейін жол керек. Жүргізушілердің жауапсыздығынан машинист отыз рет тежегішті шұғыл басуға мәжбүр болған тежеу дерегі қайталанған.
Сәбира Шұлғаубаева, темір жол өткелінің кезекшісі:
— Сигнал береді, шырылдайды пойыз келе жатыр деп. Біз тоқта дейміз, соған қарамастан тоқтамай өтеді. Оған дейін шлагбаум түсіп кетеді. Оны қағып, жұлып, қашып кетеді. Мына жерде көліктер бір біріне жол бермей, бірімен бірі соғылып, мұнда пробка болады. Сондай кезде жағдай шынымен қиындап кетеді.
Дархан Абдуллаев, жол дистанциясының бас инженері:
— 2026 жылдың 6 ай, 20 күні ішінде Алматы жол дистанциясы аумағында 25 шұғыл тежеу болып, оның жетеуі қайғылы жағдайға әкеліп соқты. Оның себебі адамдардың темір жолдың белгіленбеген тұсынан өткендігінен орын алды. Біз ескертеміз темір жол аса қауіпті аймақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.