Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі лауазымына жаңа тағайындалған Есет Байкенді қабылдады. Өңір басшысы Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімге облыстың орнықты дамуын қамтамасыз етуге, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты да қабылдады. Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Президент Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.