Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Мемлекет басшысына есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың есебін тыңдады. Елде крипто айырбастау мен дроппер топ анықталды. ТМД кеңістігінде алғаш рет фишингтік SMS тарататын арнайы құрылғыны пайдаланғандар ұсталды. Бюджет қаражаты мен әлеуметтік саладағы миллиардтаған қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілмеген. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Агенттік жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал