Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енді | 27.07.2026

ЕКІ ҒҰМЫР ҮЗІЛДІ
Кері бұрыламын деп, келмеске кетті. Алматының қақ ортасында жылдамдықты асырған темір тұлпар бұрылып үлгермеген көлікті соғып, екі бойжеткенді мерт қылды. Қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі кім?

ТАҒЫ ДА ГАЗ ЖАРЫЛДЫ
Дүкен әп-сәтте үйіндіге айналды. Шымкентте тапа-тал түсте газ жарылып, сауда орны қирады. Бір адам зардап шекті. Шымкенттегі төтенше жағдайдың мән-жайы белгілі болды.

ЖҮК КӨЛІГІНЕ ШЕКТЕУ
Аптап ыстықта асфальт та демалу керек. Еліміздің 3 бірдей өңірінде жүк көлігінің жолға шығуына шектеу қойылды. 1,5 мың шақырым трассада бақылау күшейтілді. Қай облыста шектеу бар?

КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Ереже бұзып, кешірім сұрау сәнге айналды ма? Ұлытау облысында «Серілер» мінген сегіз көлік, той тойлаймын деп 22 рет тәртіп бұзған. Көлік айыптұрағына қойылды. Жастар камера алдында ақталды.

ТАҢДАЙ ҚАҚҚАН МҰРА
Маңғыстаудағы бірегей мешіт Юнеско қарамағына өтті. Оңтүстік Кореядағы ЮНЕСКО Комитетінің 48-ші сессиясында осындай тарихи шешім қабылданды. Жартасты киелі орындардың ерекшелігі неде?
———————————————