Көкшетауда көлік ұрлығы тосын оқиғамен аяқталды. Петропавлдан келген мас ер адам көшеде есігі ашық тұрған автокөлікті көріп, айдап кетпек болған. Ең қызығы, көліктің ішінде иесі ұйықтап жатқан. Бірақ бұл жайт ұрыны тоқтатпаған сыңайлы. Күдікті көлікті жүргізіп, қаладан шығып кетпек болған. Алайда оны жолда полиция тоқтатты. Тәртіп сақшыларының күдігін не тудырғаны белгісіз. Дегенмен, олар көлік ұрлығын ізін суытпай ашып үлгерді.
Альмира Рахматулина, ПД Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы:
— Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекеті көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, яғни, айдап әкету бабы бойынша сараланып жатыр. Полицейлер жүргізушілерге көліктің кілтін оталдыру тетігінде немесе салонда қалдырмауға кеңес береді. Өйткені бір сәттік салғырттықтың соңы қылмыспен аяқталуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.