68 тонна су шашылды. Батыс Қазақстан облысында өртенген Хан тоғайы орманына тікұшақ аспаннан шелектеп су төкті. Қою түтін, тұрғындарды біраз әбігерге салған. Өрт толық сөндірілді. Тілсіз жау шамамен 18 гектар аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Ал, Зашаған кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт әлі сөндіріліп жатыр. Құтқарушылардың жұмысына екпінді жел мен қоқыстың бықсығаны кедергі келтірді. Соған қарамастан, мамандар тәулік бойы су тасымалдап, сөндірілген аумақтарды топырақпен жауып жатыр.
Елдос Батталов, ТЖД бастығының орынбасары:
— Өртті сөндіру жұмыстарына бульдозерлер, экскаваторлар және фронталды тиегіштер инженерлік техникалары белсенді түрде тартылған. Арнайы техника топырақты жылжыту және нығыздау, бықсып жатқан қалдықтарды топырақпен жабу, оқшаулаушы қабаттар жасау, сондай-ақ, өрт сөндіру техникасының жану ошақтарына кедергісіз жетуі үшін технологиялық өткелдер қалыптастыру жұмыстарын атқаруда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.