Энергетика министрлігі Үкіметте елдегі жарық пен жылу жүйесін жөндеу жоспарын көрсетті. Алдағы уақытта шамамен 1 триллион теңгеге жуық қаржыға жүздеген жоба іске асырылады. Атап айтсақ, мыңдаған шақырым электр сымдары жаңартылады. Қазірдің өзінде бірқатар жұмыс басталған. Нәтижесінде ескірген сымдар ауыстырылады. Мысалы Түркістан мен Шымкентте екі бірдей жоба аяқталып, жүз шақырымнан астам желі жаңартылды. Жылу жүйелері де назардан тыс қалған жоқ. Елдегі ескірген жылу құбырларын жаңарту үшін,137 жоба қолға алынған. Басты мақсат – алдағы жылыту маусымын тұрғындар үшін іркіліссіз әрі қауіпсіз өткізу.
Инженерлік желіні жаңғырту
Электр желілері
246 жоба
11 561 шақырым желі
514,5 млрд теңге
Жылу желісі
137 жоба
314 шақырым желі
449,2 млрд теңге
Барлығы:
383 жоба
Жалпы құны – шамамен 964 млрд теңге.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.