Сайлауға 27 күн қалды. Қазір саяси дода алдындағы үгіт-насихат науқаны қызу жүріп жатыр. Ол 22 тамызға дейін жалғасады. Сайлаушылар үшін басты өзгеріс – дауыс беру бірыңғай, жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізіммен өтеді. Азамат өз округінен жекелеген кандидатты емес, саяси партияны таңдайды. Партия қанша дауыс жинаса, сонша мандатқа ие болады. Құрылтайға өту үшін бес пайыздық межеден өту талабы сақталады. Еске салайық, сайлауға ресми түрде, жеті саяси партия қатысады. Олардың барлығы кандидат тізімін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. 22 тамыз Тыныштық күні деп жарияланды. Бұл күні кез келген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады. Ал, 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтеді. Құрылта өкілеттік мерзімі бес жыл болатын 145 депутаттан тұрады.
Сайлауалды үгіт-насихат
22.08.2026, сағат 00:00 аяқталады
22.08.2026 – Тыныштық күні
23.08.2026 – Құрылтай сайлауы
Сайлауға қатысушы саяси партиялар:
«Әділет» партиясы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
(ЖСДП)
«Байтақ» жасылдар партиясы
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП)
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы
Respublica партиясы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.