QS рейтингі: Қазақстан университеттері үздіктер қатарында

Қазақстандық университеттердің халықаралық беделі артып келеді. Британдық QS рейтинг агенттігінің журналында жарияланған мақалада осылай айтылған. Сарапшылар мұндай нәтижені жоғары білім реформаларының нәтижесімен байланыстырады
QS World University Rankings 2027 рейтингіне еліміздің 18 жоғары оқу орны енді. Бұл – Орталық Азиядағы ең үздік нәтиже. Ал QS Asia University Rankings 2026 тізіміне Қазақстанның 44 университеті енсе, QS World University Rankings by Subject рейтингіне 13 жоғары оқу орны кірген. Ал QS Sustainability Rankings 2026 рейтингінде еліміздің 23 университеті бар. Ең қызығы, 2023 жылы бұл тізімде Қазақстаннан бірде-бір білім ордасы болмаған. Студенттер үшін ең қолайлы қалалар рейтингінде де еліміздің көрсеткіші едәуір жақсарған. Алматы бірден 13 сатыға жоғарылап, әлемде 78-орынға тұрақтады. Ал Астана 118-орыннан көрінді. Сарапшылар мұны еліміздің шетелдік жастар үшін білім алып, өмір сүруге қолайлы бағытқа айналып келе жатқанымен байланыстырады.
QS РЕЙТИНГТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІ:
QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2027 – 18 ЖОО
QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2026 – 44 УНИВЕРСИТЕТ
QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS BY SUBJECT –13 ЖОО
QS SUSTAINABILITY RANKINGS 2026 – 23 ЖО

2026 ж. – 23 ЖОО
Алматы — 78-орын (+13 саты)
Астана – 118-орын
Әсет Дәрімбек, Білім және ғылым министрлігінің басқарма басшысы:
— Бұл деген Алматының шетелдік студенттер үшін тартымды болын көрсетуде. Алматыдан бөлек, Астана да өте жақсы нәтиже көрсеткен. Қалалардың тартымдылығы, қауіпсіздігі , Қазақстанда жүріп-тұрулары шетелдік студенттердің, оқу ақысының әлдеқайда төмендігі басқа елдермен салыстырғанда, өмір сүру құнының арзандығы да тартымды болып отыр.
Бүгінде Қазақстан университеттерінде 37 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Олар көбіне медицина, инженерия, техникалық және педагогикалық мамандықты таңдайды. QS рейтингі университетті бір ғана көрсеткішпен бағаламайды. Сарапшылар оқу орнының академиялық беделі, оқытушылар құрамының деңгейі, ғылыми зерттеу, жұмыс берушінің бағасы, халықаралық серіктестік және өзге де тоғыз негізгі индикатор бойынша саралайды.
Жандос Байжұма, ҚАЗҰУ Стратегиялық даму орталығының директоры:
— Академиялық беделге университеттердің шетелдік әріптестермен тығыз, етене жұмыс істейтіні ескеріледі. Біздің университетте көптеген мемлекеттермен қос дипломдық бағдарламалар бар. Яғни, екі жыл бізде, екі жыл шетедік университетте жұмыс істейді.
Сарапшылар мұндай нәтижені жоғары оқу орындарына берілген академиялық дербестікпен, университеттердің жеке даму стратегиясының қалыптасуымен және жоғары білімді интернационалдандыру бағытындағы реформалардың нәтижесімен байланыстырады.
Инара Барсақбаева, Сәбит Наурызбаев
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал