«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматының Түрксіб ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жалғасып жатыр. Жаңартылған нысанның бірі – Жәхәңгір көшесіндегі аула. Мұнда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша құны 63 миллион теңге болатын жоба жүзеге асырылды. Аумақ толығымен жаңартылды. Асфальт төселіп, сыртқы жарықтандыру шамы, орындық, қоқыс жәшігі, жаңа теннис үстелі мен балалар ойын алаңы салынды. Абаттандырылған тағы бір нысан – Сәкен Сейфуллин атындағы гүлзар. Екі гектар болатын аумақта демеушілердің қаражатынан 150 мыңға жуық гүл мен сәндік өсімдіктің ондаған түрі отырғызылды.
Дамир Әкежанов, Түрксіб ауданының әкімі:
— Биыл ауданымызда 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл учаскелерде шағын сквер, жаяу жүргіншілер және серуендеу аймағы салынып жатыр. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру, көгалдандыру жүргізіліп, қауіпсіздік камерасы мен автоматты суару жүйесі орнатылады. Тас төсеніш төселіп, орындықтар мен заманауи шағын сәулет нысандары қойылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.