Алматыда мың шақырымнан астам туристік соқпақ цифрландырылды

Алматыда туристік инфрақұрылымды дамыту аясында ұзындығы мың шақырымнан асатын соқпақ цифрландырылды. Олардың басым бөлігі туристерге қолайлы болуы үшін арнайы жабдықталған. Маршруттық бағытта навигациялық көрсеткіш, ақпараттық стенд, ескерту белгісі, ауызсу жері бар. Әсірес, белсенді демалысты ұнататындар үшін кемпинг аймақ та жасақталды. Ал, саяхатты алдын ала жоспарлауға цифрлық карта мен табиғи және тарихи нысан туралы ақпарат беретін аудиогид көмектеседі. Айта кетейік, әрбір жаңа бағыт- абаттандырылмас бұрын мамандармен және ұлттық парк әкімшілігімен келісіледі.
Дәурен Ерғалиев, Туристік инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы:
— Біз бағыттарды үйлестіру кеңесімен бірлесіп анықтаймыз. Өйткені маршруттар Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан. Сондықтан барлық мәселе парк әкімшілігімен келісіледі. Жоспар бойынша алдағы үш жылда тау соқпақтарының 350 шақырымын абаттандыру көзделген. Алайда біз жоспарды бір жылда орындаймыз. Үлкен Алматы көліне апаратын соқпақты да абаттандырамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал