БАСЫ ЖАРЫЛДЫ
Көшеде абайлап жүріңіз. Павлодарда төбеден мұз лақтырып, балалы келіншектің басын жарғандар іздестіріліп жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұзды жоғарыдан ойнап тастаған бала болуы мүмкін.
КӨЛІК ҰРЛЫҒЫ
Көлікті ішінде тәтті ұйқыда жатқан иесімен бірге айдап кеткен барымташыны полицей қолға түсіріп, есін жиғызды. Ақмола облысында ашық қалған көлікті көрген күдікті қожайынымен қоса ұрлап кеткен. Енді қаскөйдің жазасы қандай болмақ?
ТҮТІН БАСТЫ
68 тонна су шашылды. Батыс Қазақстан облысында орман өртеніп, тікұшақ аспаннан шелектеп су төкті. Қадым жер көрінбейтін кою түтін тұрғындарды біраз әбігерге салған. Қауіптің беті қайтты ма?
МЕКТЕП ЖАҢАРЫП ЖАТЫР
Төбесі қисайған мектеп. Солтүстік Қазақстан облысы Белое аулындағы ескі ғимараттың орнына жаңасы салынып жатыр. Аймақтағы 14 білім ошағы күрделі жөндеуден өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңындағы қарбалас жайында тілшіміз айтады.
СОҚПАҚ ЖОЛ ЦИФРЛАНДЫ
Енді адаспайсыз! Алматы тауына апаратын соқпақ жол цифрланды. Кемпинг қайда, бұлақ бар ма, деп сандалмайсыз. Бәрі қолыңыздағы телефонда тайға таңба басқандай көрсетіліп тұр. Тіпті тегін аудиогид қызметі де бар
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.